Қазақстанда инновациялық гранттар бойынша екінші конкурсқа өтінімдер қабылдау басталды
Қазақстанда инновациялық гранттар бойынша екінші конкурсқа өтінімдер қабылдау басталды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биыл біз 1-12 ақпан аралығында инновациялық гранттар беру бойынша пилоттық байқау өткізген болатынбыз. Барлығы 661 өтінім түсіп, жіті сұрыптау мен қазылардың таңдауынан кейін соңғы кезеңге тек бес үміткер ғана өтті: «ForumVR», InTech-Forecast «ЖҚК нысандары үшін IT-бағдарлама жасау», «COWMAS – ІҚМ туралы мәліметтерді бақылау және сараптау», «Смарт Терминал» жобасы, «Faceplate». Оларға технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру туралы шарттар жасалды»,-деп жазды министр.
Пилоттық конкурстың нәтижесі бойынша сарапшылар мен грантқа ие болған кісілердің ой-пікірлерін ескере отырып, әріптестер байқау шарттарына өзгерістер енгізді. Енді байқауға қатысам деушілерде акселерациялық бағдарламалардан сәтті өткендігін дәлелдейтін сертификат болуы тиіс. Оның үстіне екінші және үшінші кезеңдегі іріктеуге қатысу үшін алдымен бірінші сатыдан өту шарт.
Сондай-ақ қаржыландыру шарттары да өзгерді. Бірінші сатыны іске асыруға арналған инновациялық грант сомасы 20 млн теңгеден, ал екінші және үшінші сатылар үшін 80 млн. теңгеден аспайды.
«Кеше инновациялық гранттар беру бойынша екінші конкурс жарияланды. Өтінімдер 2021 жылғы 10-23 тамыз аралығында https://qazinn.kz/ порталы арқылы қабылданады. Барлық сұрақтар бойынша тікелей Ильяс Оспановқа немесе Community QazInnovations кеңес беру Telegram-арнасына жаза аласыздар. Барлық жасампаз жандарды осы конкурсқа қатысуға шақырамын, бұл – стартаптарыңызды жүзеге асырып, дамыту үшін өте жақсы мүмкіндік. Іске сәт!»,-делінген жазбада.
Other articles
ENERGY AND MATERIAL BALAN...
Energy and material balance are crucial considerations in the mining industry, as they directly impact production processes, energy costs, and the ove...
ENERGY MANAGEMENT SYSTEM...
Energy Management System (EMS) plays a vital role in modern energy systems as it enables effective control and optimization of energy distribution. In...
ENHANCING EFFICIENCY AND...
In the oil and gas industry, repair planning and predictive maintenance have become crucial in ensuring the smooth operation of equipment and minimizi...
We look forward to hearing from you
and discussing how FACEPLATE can help you achieve your goals